Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкте жаңа тағайындаулар болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;
Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.