Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Екі қабаттық ғимарат үймен қақтығыс болды. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды.
Алматыда құлаған ұшақ ісі бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады.
Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.