Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатынан қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатынан қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Президент зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, апаттың себебін анықтау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылғанын атап көрсетті. Сонымен қатар кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлім етті», делінген хабарламада.