Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», деді Д.Назарбаева.