Ресей Федерациясының Президенті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ресей халқы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді» делінген Ресей мемлекеті басшысының жеделхатында.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.