Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы-Нұр-Сұлтан әуе рейсі апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қырғыз халқы мен өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз» делінген көңіл айту жеделхатында.
Айта кетейік, Ресей Федерациясының Президенті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлаған болатынбыз.