• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Желтоқсан, 2019

Қытай Сыртқы істер министрі көңіл айтты

307 рет
көрсетілді

Бұл туралы жұма күні өткен баспасөз конференциясында Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан айтты.

«Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы маңында болған ұшақ апатында қаза болғандар мен зардап шекендердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.