• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Желтоқсан, 2019

Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

179 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Біз 2019 жылғы 27 желтоқсанда бортында 15 адам көз жұмған Алматы маңындағы ұшақ апаты туралы қайғылы жаңалықты естідік. Қаза болғандардың туған-туыстарына, сондай-ақ үкімет пен Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтамыз», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ұшақ Алматы маңындағы Қызылту ауылында апатқа ұшырады. Сағат 07:22-де «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктігін жоғалтып, бетонды қоршауға соғылған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған. Өрт болған жоқ.