• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Желтоқсан, 2019

Қорғаныс министрлігі әуе апатына байланысты көңіл айтты

283 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Қорғаныс министрлігі Алматы қаласының маңында болған  әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қарулы Күштер  орны толмас қайғыны бөлісіп, зардап шеккендердің тез сауығып кетулерін тілейді.

Әуе апатында «Генералдар одағы» РҚБ президиумының төрағасы, КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, әділет генерал-майоры Рүстем Есімханұлы Қайдаров қаза тапты. Ол нағыз генерал, патриот және өз ісінің маманы болды.

Жеке құрам Рүстем Есімханұлының отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасады» делінген хабарламада.