• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Желтоқсан, 2019

Рим Папасы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

281 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жақында Алматыда болған ұшақ апаты туралы білгеннен кейін, Аса Қасиетті Папа Франциск осы қайғылы жағдайдың салдарынан зардап шеккендердің барлығына көңіл айтады. Ол қаза болғандардың рухтарының мәңгілік тыныштық табуы және зардап шеккендердің жазылып кетуі үшін дұға етеді. Аса Қасиетті Папа Құдіреті күшті Құдайдан барлық адамдар үшін, әсіресе құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын адамдарға күш-қуат беруді және бейбітшілік сыйлауды сұрайды" - делінген Ватиканнан келіп түскен жеделхатта.