Маңғыстау облысының Жетібай ауылында жантүршігерлік оқиға болды. Апталдай азаматтар кәмелетке толмаған қыздың арын таптады. Бұл туралы «Актау-Лада» газеті жазады.
15 наурыздан 16 наурызға қараған түні бір топ ер азамат дүкен жанында кетіп бара жатқан қыз баланы машинаға күштеп отырғызады. Сөйтеді де, ауыл шетіндегі ескі үйдің орнына апарып зорлайды. Алдын ала жүргізілген тергеу мәліметінде 9 адамның 7-нің осы іске қатыстылығы айтылған. Тіпті олар қызды ұрып-соғып қана қоймай, темекі шоғын оның денесіне басыпты. Азғындардың ең үлкені 45 жаста болса, ал кішісі 24 жаста екен.
Жақында осы іске байланысты сот үкімі жария етілді. Олардың 2-і 17 жылға, 2-і 16 жылға, тағы 2-і 14 жылға, келесісі 13 жылға бас бостандығынан айрылды.
Данияр Түймебай.