• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Желтоқсан, 2019

«Жаңа талап» – жас буынды шыңдайтын жоба

456 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде жастарды барлық салада қолдау саясаты жүзеге асырылуда. Жастарға «Дипломмен – ауылға!», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту – 2020», «Бақытты отбасы», «7-20-25», «Президенттік жастар кадр резерві» сынды бірқатар бағдарламалар қолға алынып, олар жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі таңда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз құзыреті шеңберінде жастарға байланысты іс-шаралар­ды жалғастыруда. Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында 2018 жылы облысымызда алғаш рет жоғары оқу орындары түлектері үшін Батыс Қазақстан облысының «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебі құры­лып, өз жұмысын жалғастырып келеді.

Өткен жылы «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің құрамына мотивациялық эссе жазып, тестілеу мен әңгімелесуден кейін жоғары оқу орындарының 33 студенті қабылданды. Мектептің 14 тыңдаушысына мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Осы жылы мектеп бағдарламасын жаңа форматта жүргізу ұйымдастырыл­ды, әр жоғары оқу орындарында топтар құры­лып, мектеп құрамына жастар практика­сы аясында мемлекеттік органдарда тәжір­­ибеден өтіп жүрген мамандар да енгі­зіл­ді. Мектепке құжаттарын тапсырған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мем­лекеттік университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техни­калық университетінің, Қазақстан инновациялық және телеком­муникациялық жүйелер университетінің және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 105 студентінің 80%-ы мектепке қабылданды.

Мем­лекеттік қызметке орналасуға үміт­кер­лер алдымен мемлекеттік тіл мен заң­­­намаларды білуге арналған тесті­леу­ден өтіп, конкурстық негізде мемлекет­тік әкімшілік лауазымға орналаса алады. Осы ретте мемлекеттік қызмет мек­­те­бінің тыңдаушыларын тестілеу бағ­дар­ла­ма­сына енгізілген нормативтік-құқық­тық актілермен таныстыру мақ­сатын­да Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша депар­таментінің басшылығымен және құзыретті мемлекеттік органдардың білік­ті мамандарымен дәрістер, сондай-ақ мем­лекеттік көрсетілетін қызметтер саласын­дағы уә­кі­летті орган ретінде «Азаматтарға ар­нал­ған үкімет» мемлекеттік корпорация­сы» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бо­йынша филиалының өкілі әлеуметтік желілер арқылы және mgov, egov mobil қосымшалары арқылы электрондық қыз­меттерді алу бойынша практикалық дәріс ұйымдастырылды.

Сонымен қатар мектеп тыңдаушы­ларына Президент жанындағы Мемле­кеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиа­лының директоры және мамандармен жеке тұлғалық және кәсіби құзырет­терді қалыптастыру мақсатында «Жеке тұл­ғаның даму парадигмасы», командада жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік беру, жолдастық ахуалды қа­лыптас­тыру және қарым-қатынас жасау үшін психологиялық кедергілерді жоюға дағ­дылану бойынша «Ынтымақтастық, команда құру», «Коммуникативті дағды­лар» тақырыптарында тренинг өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің бойында кәсіби біліктілігімен қатар, қарым-қатынас жасау қабілеті, әдептілік, комму­ника­тивтілік және сөйлеу мәдениеті сияқты жеке қасиеттері болуы қажет. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту мақ­сатында және телеарна әлемінің ішкі жұ­мысы­мен, бағдарламаларды түсіру, жазу бары­сымен танысу үшін депар­таменттің баста­масымен мектеп тыңдаушыларына «AQJAIYQ», «ТДК-42» телеарналарында экскурсия ұйымдастырылды.

Мектеп тыңдаушыларына әлеу­­меттік желілерде ақпараттарды ілгері­лету бойынша «Әлеуметтік желілерді пай­­­да­лану және дағдыларын жетілдіру» бо­йынша да тренинг ұйымдастырылып, «Qalam» оқу орталығының директоры өз тә­­жіри­бесімен бөлісті. Алдағы уақыт­та мек­теп тыңдаушылары осы алған білім­де­рін тәжірибе жүзінде мемлекеттік ор­ган­­дар­да тағылымдамада пайдаланатын болады.

Мемлекеттік қызмет мектебі жас көш­бас­шыларға мемлекеттік қызметтің іс жүзін­дегі дағдыларын үйренуге мүмкін­дік береді. Қазіргі таңда мектептің 30-ға жуық тыңдаушысы облыстағы жер­гі­лікті атқарушы органдарда, сот жү­йе­­сін­де, құқық қорғау органдарында, со­ны­­мен қатар Атырау, Маңғыстау облыс­тары­­ны­ның мемлекеттік органдарында тағы­лым­­дамадан өтуге қызығушылық танытуда.

Тағылымдамадан өткен соң «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің тың­даушыларына оқу курстарын аяқта­ғаны туралы сертификат беріледі.

Болашақ көшбасшылармен пікірлесу барысында бірі мемлекеттік қызметте қызмет атқарып, еліне адал қызмет етуді жоспарласа, енді бірі ауылды дамытуға септі­гімді тигізсем дейді. Осы ретте аталған жоба «Жаңа талап» мектеп түлектеріне болашақта биік белестерді бағындырып, тек заң аясында және ел мүддесіне адал қызмет етуіне мүмкіндік береді деген үміттеміз.

Ғалым ТҰРСЫНБАЕВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы