• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қаңтар, 2020

«Қордай» бекеті уақытша жабылады

666 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі күрделі жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты 20 қаңтардан бастап «Қордай» шекаралық өткізу бекетін уақытша жабуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа қажетті қаржы да бөлініп, тиісті мердігер компания жұмыстарды 2020 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлауда. Аталған мәселеге орай, Жамбыл облысының Қордай ауданында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Парламент депутаттары және тиісті сала басшылары кездесті.

Парламент Мәжілісі Төраға­сы­ның орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаттары Серік Құсайынов, Шаймардан Нұ­рымов, Юрий Тимощенко, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті тө­рағасының бірінші орынба­са­ры-Шекара қызметінің ди­рек­­торы, генерал-майор Дархан Ділманов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму минис­трлігі Автомобиль жолда­ры комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов, Қаржы минис­тр­лі­гі Мемлекеттік кірістер ко­ми­те­ті­нің өкілдері Қордай ауданында болып, бірқатар маңызды кез­де­­­суге қатысты. Олар әуелі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров пен Қордай ауданының әкімі Бо­латбек Байтөлемен бірге «Сортөбе» бекетінде болды. Мұнда шекарашылар ке­лу­ші­лер­ге пункттің қазіргі әлеуеті мен жұ­мысы жайында мәлімет берді. Бұл ретте аудан әкімі Болатбек Байтөле «Қордай» өткізу бе­ке­ті­нің күрделі жөндеуге жабыл­уына байланысты өзге бекеттерге қосымша күш түсетінін еске­ріп, аудан әкімдігі тарапы­нан бірқатар жағдайдың жа­сал­ға­нын айтты. Сонымен қатар адам­дарды өзге пункттерге тасы­мал­дау мақсатында арнайы кө­лік­тер ұйымдастырылғанын да мәлімдеді. Бұдан кейін лауазымды тұлғалар ауданның «Ауқатты» және «Қарасу» өткі­зу пункттеріне барып, содан соң «Қордай» өткізу бе­ке­тін­де Қырғыз Республикасы Пар­ламенті Жогорку Кенешінің де­пут­а­ттарымен кездесті. Кезде­су­­ге көрші мемлекет тарапынан Қырғыз Республикасы Пар­ламенті Жогорку Кенеші төра­ға­сының орынбасары Мирлан Бакиров, Жогорку Кенеш депутаттары Алмазбек Эргешов, Гүлшат Асылбаева, Абдывахап Нурбаев, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі төрағасының бірінші орынбасары Абдыкерим Алимбаев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орын­басары Нуран Ниязалиев және Қырғыз Республикасы Эко­но­ми­ка министрінің орынбасары Автандил Алыбаев келді.

Екіжақты кездесу барысын­да депутаттар «Қордай» өткізу пункті жөндеу жұмысына жа­был­­ғанға дейін көрші Қыр­ғыз елімен арадағы негізгі ше­каралық бақылау-өткізу бекет­те­рін жөнге келтіру жайын әң­гі­­ме­леді. Сонымен қатар екі ел депутаттарының арасында «Сор­төбе» және «Ауқатты» авто­мобиль өткізу пункттерін көп­жақты халықаралыққа ауыс­ты­ру туралы мәселе көтеріліп, алдағы уақытта барлық транзит­ті­к жол көліктері аталған екі бекет арқылы өтетіндігі жөнінде айтылды. Кездесуде сондай-ақ, «Қарасу», «Сортөбе» және «Ауқатты» бақылау бе­кет­те­рін­де­гі шекара арқылы өту­ші­лер­ге арналған бақылау кабиналарын көбейту, қазақ пен қырғыз арасындағы шекара сызығында орналасқан көпірді қайта жөн­деу­ден өткізу, оны кеңейту сияқ­ты өзекті мәселелер де кө­те­­рілді. Өз сөзінде Владимир Божко екіжақты кездесудің аса маңызды екенін атап өтіп, Қа­зақстан бойынша ең ірі ше­ка­рал­ық өткізу пунктінің бірінен сана­латын «Қордай» бақылау бекетінің күрделі жөндеуге жабылуы ең әуелі екі ел халқының ыңғайлылығы үшін жасалып отырған қадам екенін айтты. Ал Дархан Ділманов бүгінгі таңдағы дайындық жұмыстары туралы айта келе, Қордай ауда­нын­да орналасқан өзге де өткізу пункттерінің халық пен көлік нөпіріне төтеп бер­уі үшін қолға алынуы тиіс бір­қа­тар ұсыныстарын жеткізді. Бұл ретте қырғызстандық тарап Қазақстан Рес­публикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына жұ­мыс са­пары барысында бір­қатар өзекті мәселелердің ше­шілгенін айтып, бүгінде ше­ка­ралық мәселелер бойынша екі елдің жасаған келі­сім­де­рі аясында жемісті еңбек етіп келе жатқандарына тоқ­талды. Сонымен қатар Қыр­ғыз Республикасының өкіл­де­рі өздерінің де бірқатар ұсы­ныстарын жеткізіп, ортақ мәселе­лер­ді бірлесіп шешуге дайын екен­діктерін білдірді. Жиын барысын­да екі ел депутат­та­рының ұсыныстары хаттамаға енгі­зіліп, Үкіметке жолданатын болды.

 

Жамбыл облысы