• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Қаңтар, 2020

«Шахтер» ФК-ның жаңа бас жаттықтырушысы тағайындалды

235 рет
көрсетілді

Қарағандының «Шахтер» футбол клубының жаңа бас жаттықтырушысы болып украиналық маман Вячеслав Грозный тағайындалды, деп хабарлады аталған команданың баспасөз қызметі.

Алпыс үш жастағы бапкермен келісім-шарт бір жыл мерзімге жасалды. 

Вячеслав Грозныйдың соңғы жұмыс орны украиналық «Арсенал-Киев» клубы болды. Жаңа бапкердің Украина, Ресей, Болгарияның клубтарына әр жылдары жетекшілік еткен үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстанда ол Қостанайдың «Тобыл» және Павлодардың «Ертіс» командаларын жаттықтырған.

Сонымен қатар ол «Левски» (Болгария), «Терек» (Ресей), «Динамо» (Грузия) және Украинаның «Арсенал» (Киев), «Металлург» (Запорожье) және «Гверла» клубтарының бапкері болды.