• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2013

Кәусар

641 рет
көрсетілді

Әдебиет кәусары! Әлде кәусар әдебиет! (Кәусар бұлақ ше?) Құлаққа тосындау ма? Иә, бір сәттік қана созылыңқы секем бе? Есесіне үндестігі мен үйлесімділігі, мазмұн байлығы көңіл пернесін дөп басып, толғаныс тереңіне тарта түсер... Осылайша құлаққа жұғысты боп кетер-ақ! Сөз сұлбасына да сеніммен сіңіп, селкеусіз сыналанар. Асылы, рухани бұлақтың кәусарынан қанып сіміргенде ғана жан мерейленіп, тояттанбай ма? Қаталап кеп кәусар бұлақтан шөл басқаның көзіңді шырадай жанғызар бір сәт... Иә, бір сәттік кепкен аңқаны бір демде басар кәусар сусынның құдіреті де...

Мейірім қандырмаса, судан да безеді. Рухани бір жұтымның жұғымы жан сарайының жақұтындай жарқырайтынын ойшылдар тіліне безеген.

...Ал біздің мына жазбақшы боп сайланған әдебиеттің әңгіме­сі бастапқыда қырын тартып,­ қыңырайған аттай тізгінге көне­ қоймағанын қайтерсіз. Оның кілтипаны жазушы Жақау­ Дәуренбековтің «қамшы сал­дыр­маған» асаулығында емес, һәм тәубешіл, сыпайылығында жатқан секілді еді...

 

 

 

Әдебиет кәусары! Әлде кәусар әдебиет! (Кәусар бұлақ ше?) Құлаққа тосындау ма? Иә, бір сәттік қана созылыңқы секем бе? Есесіне үндестігі мен үйлесімділігі, мазмұн байлығы көңіл пернесін дөп басып, толғаныс тереңіне тарта түсер... Осылайша құлаққа жұғысты боп кетер-ақ! Сөз сұлбасына да сеніммен сіңіп, селкеусіз сыналанар. Асылы, рухани бұлақтың кәусарынан қанып сіміргенде ғана жан мерейленіп, тояттанбай ма? Қаталап кеп кәусар бұлақтан шөл басқаның көзіңді шырадай жанғызар бір сәт... Иә, бір сәттік кепкен аңқаны бір демде басар кәусар сусынның құдіреті де...

Мейірім қандырмаса, судан да безеді. Рухани бір жұтымның жұғымы жан сарайының жақұтындай жарқырайтынын ойшылдар тіліне безеген.

...Ал біздің мына жазбақшы боп сайланған әдебиеттің әңгіме­сі бастапқыда қырын тартып,­ қыңырайған аттай тізгінге көне­ қоймағанын қайтерсіз. Оның кілтипаны жазушы Жақау­ Дәуренбековтің «қамшы сал­дыр­маған» асаулығында емес, һәм тәубешіл, сыпайылығында жатқан секілді еді...

Ол сыр суыртпаққа салқын қабақ танытты. Басы артық насихатқа кеуілі шаппайтын тәрізді. Жазуын ғана жазып, елеусіздеу жүргенді ұнатады. Анығы – дабырайтып, дараланғысы келмейді. Толықсыған Аралдың жағасында тұрып, толқынмен ой жарыстырып қалыптасқан балаң жазушы сол кезгі ішкі сыры мол асаулықтың, бүгіндері парасаттылық пен сарабдалдыққа, салмақтылық пен саналылыққа, томағалыққа үдерістегендей, оңашаланып ой кеміргендіктен көнтерілілік кейпімен кер маралдай саяқтыққа бой ұрғаны байқалады. Оған мадақ керек емес. Дәметпейді. Қолындағы қалам қасиетіне адал болуға анттасқандай аптықпай, ырғақты ойдың жалына жармасқаны– тағдыры сыйлаған байлығы. Сонысымен құдіреттенеді. Тежеліс сыры осы екен... Әңгімеден әдейі жалтарғанына, әріптестің көңілін жыққанына пысқырып та қарамайтындай паң жазушыға енді қайтіп ықылас, бейіл ояна қояр ма екен дейсің, миға шапқан бастапқы шамданыс пен шамырқанысқа булығып...

Бір қызығы, меселіміз қайтудың орнына Жақау замандастың сыртынан сыр түюге, оның ұсынбаған томдары мен кітаптарын тірнектеп былайша жиыстыруға немесе оқу залдарынан сүзгілеп, нәрін сіміруге машықтанып алдық.

Бізге керегі Жақаудың келісімінен гөрі, титімдейімізден тілшілік тірлігіміз сырттай табыстырған қаламның құйттай дәнінен өсіп-өнген тума таланттың шығармашылық қуаты еді. Соның жылдар бойы жүрек жылытқан шуағының шапағаты еді... Сонымен, автордың ықыласынсыз, әдебиеттің әңгімесін бастап кеп жібердік! Жақау не десе, о десін. Жазуын жалықпай, алаңсыз жаза берсін...

Бұған дейін неге үнсіз келгеніме енді өзім таңырқап отырмын. Жазушы Жақау Дәуренбековтің шығармашылығы туралы бір ауыз жақ ашпағаныма қайранмын. Шыққанын шыққанша жүйелі оқып келдім деуден де аулақпын. Дегенмен, жалпы туындыларынан сыбызғы үніндей жан сазын сызылтатын, жүрек түкпіріндегі мұңды суырмалап сыпыратын, тарих пернесін дөп басып, елдік мінез бен ерлік сипаттарды дәлдікпен һәм көркемдікпен әрі сезімді қытықтайтын нәзік уілмен ләззатқа бөлейтін жазбаларын жүйелеп болмағанымен де бірсыдырғы аңсау ауанымен оқи жүргенім өзіме аян. Іңкәрлік деген осы. Ынтықтырады. Тауып оқытқызады. Келесісіне дейін тағат таптырмайды. Баяғы «Күн ұясы», «Саяқ» («Соғыс ойыны») повестері, одан бергі «Соңғы вагон», «Бір нәзік сәуле» хикаялары, жүзге тарта әңгімелер, толғамдық зерделеу сипатындағы «Сөз киесі», тірліктің сан тарабында көңілге түрткі болған түрлі пайымдар тізілісіндей «Ойдауа», оны қазақ балалар әдебиетінің қабырғалы, көрнекті тұлғасы екендігін мойындататын «Жағалау», «Шағала» кітаптарын әлдеқашан ыстық көкірегімізге басып, жұмсақ алақанымызбен күн сайын қысып-қысып қойғандай көтеріңкі күйге бөленетінімізді айтсайшы.

Жазушыны жақсы көріп, шығармаларын індетіп оқып, сырттай сыйластығыңды еселеу үшін көп нәрсе қажет емес екен. Ойлантып толғантқан, мұңайтып қуантқан, өмірдің өрт өзегінен күн шуағын себезгілететін серке сөзімен, сергек сезімімен, үзілердей үмітті қайта жалғайтын жүрек лүпілімен сиқырлап алса, жетіп жатады. Сол жазушы – сенікі! Ол сөйтіп оқырманның ортақ байлығына айналады. Жалқыдан жалпылық мархабатқа ұласқан абырой-беделі маңдай тердің өтеуіндей боп жазушыны тұлғаландыра түседі. Сөз тылсымы таңдандырады. Көркемдік көкжиегі кеңіп, әдеби кеңістігі тақырып алуандығымен, образ нақышын әрлендіруімен, сюжеттік мығымдығы композициялық терең түйінделуімен астасып, асқақ полотнолы өмір-сурет, адам-характер, заман-қоғам тұжырымындағы қайраткер-жазушылық қолтаңбасын қалыптастырады екен. Қалыптасу – ешқандай дабырасыз, байсалды, жүйелі әрі сұғынған көзге де белгісіздеу еңбекпен тұғырланбақ.

Жақауға бір сүйсінетініміз – көзге ұрмай жазады. Сөзге сараң, іске жомарт екендігі кезекті жазуына нүкте қойғанда да андағайлап сезілмейді. Кітабы оқырман қолына тигенде де көнтерілілік танытып, тасада қалатын елеусіздеу жазушының бірі екендігін байқатады. Бұл не? Аса сақтық сыры неде? Насихаттық жасанды тегеурінмен әдебиеттің қанжығасына телінуге теңеспейтін шәлкем-шалыс шығармасымақтарын талант тұғырына лезде қондырып-ақ тастайтын кеудемсоқтардың меселін қайтарудың салыстырмалы түрдегі соққы-әрекеті ме екен?! Өзінің жазу стилімен, тілдік талғампаздығымен, ой-дәруменінің құнарлылығымен, көркемдік қуатымен, тақырып сонылығымен, қорытып айтар болсақ, жазушылық ар-ісіне адалдығымен әлгіндей әдепсіздерге жасаған қоқан-лоқысы секілді. Оның мұндай қасиетін тек әдеби орта сезіп-біліп жүрген жоқ, ең әспеттерлігі сол, оқырмандары да аңысын аңдап, жасық пен жаңсақты дәлдікпен ажыратарлық дәрежеге көтерілген. Міне, Ж. Дәуренбековтің құмардан шығаратын өзіндік мәрт мінезі осы болса керек. Сапалық сатылары сәтті санамаланып, санаулы суреткерлердің қатарына қосыпты. Оның қолтаңбасын жазбай тану – тамыры бөлек туындыларының бағы ашылғандығының айшықты белгісіне лайық.

Бір шығармасымен-ақ тарихта қалған қаламгерлердің тағдыр-талайына таңдай қағатынымыз бар. Бағалау бәсін осымен асқақтатқымыз келгендіктен шығар. Асылы, пәлсәпалық негізден (әрине, санның сапаға ұласуы) алшақ кетудің ашынысқа ұрындырары мезгелгендіктен, бұл тұжырымның ұпайы ұдайы түгелдене бермесі тағы анық қой. Дегенмен де, бес саусақтың бірдей болмайтыны секілді, жазушы бақытын жалғыз шығармасы-ақ шығандатып жіберетініне мысал көп. «Абай жолы» десек, Әуезов тұратыны ақиқат! «Біздің Ботакөз бен Сәбитті айтам» деп бастаушы еді әңгімесін бір әдебиетшіл қария. Не ерсілігі бар? Роман («Ботакөз») мен автордың (С.Мұқанов) тоғысқан тағдырлары мәңгілікке ажырағысыз боп кеткендей ғой. Сол сияқты...

Иә, бұл жолғы жаңалығымызға Жақау қалай қарар екен? Оның төл туындысы «Көктемір» хикаясын Дәуренбековтің бүгінгі беймаза, түбі дүбірлейтін дәуреніне теліп жіберсек, тұшыныс бол ар ма, сірә? Автормен қоса оқырмандардың да меймілдеген қуаныштан шекесі қызғалы тұр-ау! Мұндай пікір тегін айтылмасы хақ. Мыңдаған оқырманның ойы осындай арнаға құйылса, әділдік толқынын тулатқан тасқынға қарсы автордың қандай қарсы қауқары қалмақшы? Әлсіздігінен емес, әлділігінен-ақ мойынұсынар еді-ау! Кітап жазылып біткенше автор ие, ал оқырман қолына тиген соң кесімді сөз соларда екені тағы аян! Демек, Дәуренбеков «дәрменсіз» күйде қала бермекші... Бір мысалы – әдебиеттің осы әңгімесі ғой...

Әзірге төрт томдық таңдамалы шығармаларының бірінші кітабына енген «Көктемір» хикаясының соңғы бетін жапқан оқырман кеудесін керіп, «Көктемір! Көктемір! Көктемір!» дейді жауынгерлік айбатты рухтан айыға алмай алабұртып. Оқырманның шынайы отансүйгіштік сезіміне не жетеді! Елдік тұтастық жолында күрескен, жұртын жаудан қорғап, қол бастаған нәзік жан Сапура ханымның халық алдындағы бедел-абыройы теңдессіз асқақ! Сапура-Көктемір атанып, төтеннен тиген жойқын шабуылдың күйреткен соққысына төтеп беріп, айла-тәсілмен, ақ білектің күшімен, жүрекжұтқан кейпімен қарсыластарын зәрезап қып, орайлы тұсында құдіретті бір тылсыммен-ақ қимылдарын матап-байлап тастайды! Көріпкелдігі мен көнтерлілігі көктен сорғалаған жасыннан бетер жанын қақыратады жауының. Және де бүкіл ойранды іс-әрекетін жаутаңдаған халқының қасық қанын аз шығынмен, азапсыз аяқтауға мәжбүрленіп жүреді. Соған лайық ақыл, парасат, данагөйлік мінез танытып, кейбір тұста әдейі жаудан сырғақсып, түпкі мақсатын діттейді. Қолбасылық – алды-артын шолусыз андағай шабысты, берекесіз, бірбеткей, көзсіз тасыр-тұсыр еместігін дәлелдеп-ақ бағады. Жеңістен соң жеңістің сыры сонда екен!.. Осындай елдік мұратты жолда Ол – Сапура аңыздық бейнеге де айналып кетеді. Әнекей, халқы қанағатпен есімін ардақтап, даралаған дарабоз тұлға – Сапура-Көктемір сол! Көксауытты, қынайбелі небір қақтығыста үзілмей, атпал азаматтай елін, жерін қорғауда ақылына қимылы сай бебеулеткен тосын бейнең сол, кекті келіншек – Көктемір! «Көктемірдің аруағы бар екен, күн күркірегенін қарасайшы! Алдыңнан күнің күркіресе, артыңнан елің дүркірер! Жолың оң болсын, Көктемір! Қолың мың болсын, Көктемір!»– деп ел бабасынан бата алып жорыққа аттанған Көктемірдің екпінінен дауыл тұрғандай екен. Үміт шоғы маздапты. Көксауытты қалқаны бар екенін медет еткен қалың елі бұған дейін қаншама қайғы жұтса да қорғанына айналар нәзік жаратылысты жанға ақ жол, оның қалың қолына қуат тіледі.

Тарих сүрлеуінен суыртпақтасақ, 1775 жылдың қаңтарында Пугачев өлтірілді. Бірақ Қазақстандағы көтеріліс одан соң да жалғаса берді. Қазақ даласында оның ең соңғы жаңғырығы «Көзге көрінбейтін адам» деген атауының бас көтеруі болған еді.

Алғаш рет «Көзге көрінбейтін адам» туралы хабар 1775 жылдың қыркүйегінде пайда болыпты. Қазақтардың арасында ешкім көрмесе де, бірақ оның дауысын естіген бір адам пайда болады. «Көзге көрінбейтін адам» халық арасынан шыққан қарапайым әйелдің үйінде тұрады екен деген аңыз тарап кетті. Патша тыңшыларының анықтағанындай, «Көзге көрінбейтін адам» ішінен сөйлей алатын қабілетке ие, осы әйелдің өзі болып шыққан. Бірақ қазақтардың ішінен осы әйелдің нағыз рөлі туралы ешкім де білмейтін еді. «Көзге көрінбейтін адам» орта жүзде бас көтерген болатын, бірақ ол құрған халықтық қозғалыс негізінен Кіші жүздің Тама мен Табын руларының арасында дамыды.

«Көзге көрінбейтін адам» халықтың қасіретін жеңілдете алатын «государьдің» (Пугачевтің) маңына топтасуға шақырады.

«Қазақ елінің тарихы» атты еңбекте (1943 жылғы басылым, Алматы, 2012 ж. 267 бет): «Көзге көрінбейтін адамның» жүргізген үгіт жұмыстары халық бұқарасы арасында зор табысқа жетті. Оған сыйлықтар ағылып, оның қасына екі мыңдай жігіт топтасты. Толқулар Табын мен Тама руларымен шектеліп қана қойған жоқ. Сұлтандар, олардың ішінде Досәлі де бар, «Көзге көрінбейтін адамды» ұстап алу үшін қарулы отрядтар жіберді. Дегенмен, ол әйел Ойыл өзенінің арғы жағына тығылып қалды. 1776 жылдан бастап ол әйел туралы мәліметтер тарауын тоқтатты». Міне, осы тарихи шындықтың аясында өрбіген халықтық толқулардың кейбір сәттерін «Көктемір» хикая­сы