• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Қаңтар, 2020

Күлкі керуені № 33

3345 рет
көрсетілді

*Шетел әзілі

АЙНАЛМАЛЫ ӘТКЕНШЕК

Тегінде, ағайындар, тегінге көшуді біраз уақытқа кідірте тұруға тура келеді. Әзірше ерте секілді.

Мәселенки, кейбір нәрсе тегін-ақ болсын дейік. Онда біз қанағат дегенді тарс естен шығарамыз. Егер тегінге көшетін болсақ бар ғой, барлық нәрсе бірден тегін болуы керек деп ойлаймын.

Бірінші май мерекесі кезінде алаңға айналмалы әткеншек кұрды. Әлбетте, халық деген тарпа бас салды. Солардың ішінде ауылдан келген бір жігіт бар еді.

— Немене, тегін бе? — деп сұрады ол.

— Тегін.

Әлгі жігіт ағаш атқа мініп алып, қане, түссінші. Жаны жай таба жаздағанша айнала берді, айнала берді. Өздігінен түсетін емес.

Жұрт оны әткеншектен әрең түсіріп, жерге жатқызды. Біраздан кейін өзіне-өзі келген ол:

— Әлі айналып тұр ма? — деді.

— Иә, айналып тұр.

— Онда тағы бір рет... Қанша дегенмен... тегін ғой, — деп ағаш атқа қайта мінді.

Бес минуттан кейін оны қайта түсірді.

Тағы да тыритып жерге жатқызды.

Байғұс ішек-қарны ақтарылғанша құсты кеп, кұсты кеп…

Сондықтан, ағайындар, тегінге көшуді әзірше кідірте тұруға тура келер, сірә.

 

Михаил Зощенко