• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 06 Қаңтар, 2020

Нұрлан Қылышбаев Балқаш ауданында болды

443 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысындағы Балқаш ауданында болды. Сенатор аудан тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тұрғындарды жұмыспен қамту, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру және әлеуметтік мәселелер көтерілді. Сенатор өзекті мәселелер атқарушы органдардың назарына ұсынылып, жеке бақылауға алынатынын атап өтті.

Депутат сондай-ақ қиыршық тас өңдеу зауыты мен сүт кешенін аралап, аграрлық секторды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.