Қызылордада қалаішілік бағытта қатынайтын автобус аялдамада тұрған адамды қағып кетті. Жарақат алған әйел медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесі бойындағы аялдамада болған. Қоғамдық көлік тағы бір автобусқа соғылып барып, аялдамада тұрған әйел адамды да қағып кеткен.
– Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді, – дедіоблыстық полция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.