Қызылорда облысында қаңтар айының 6 мен 10 күндері аралығында ұрлықтың алдын алу бағытындағы «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның барысында облыс бойынша 2 пәтер ұрлығы және 4 пәтер ұрлығына оқталу қылмыстары ашылды.
Сонымен қатар, облыс және қала аумағындағы алтын бұйымдар және құнды заттарды қабылдайтын орындар мен дүкендер тексерілуде.