• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қаңтар, 2020

Ирандағы ұшақ апаты: Жолаушылардың басым бөлігі Иран мен Канада азаматтары

340 рет
көрсетілді

Киевке бағыт алған Boeing 737 ұшағы таңертең Тегеранда Имам Хомейни атындағы әуежайынан ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған еді. Бортта болған 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі түгелдей мерт болды. Олар 7 елдің азаматтары болғаны айтылды. 

Украинаның Сыртқы істер министрі Вадим Пристайко құрбандардың арасында 82 ирандық, 63 канадалық және 11 украиндық болғанын мәлімдеді.

Пристайко сондай-ақ ұшақта Швецияның 11 азаматы, Ауғанстанның төрт азаматы, Ұлыбританияның үш азаматы және Германияның үш азаматы болғанын хабарлады.

Украин және Иран билігі ұшақ апатының террорлық әрекетке еш қатысы жоқ екенін және апат себебі техникалық ақаулардан туындағанын бірден мәлімдеген еді.

Украина Президенті Володимир Зеленський Ирандағы ұшақ апатына байланысты қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жақындарына көңіл айтты. Президент сондай-ақ украиндық әуе компанияларының барлық азаматтық флотына тексеру жүргізуді тапсырды және жағдайды өз бақылауында ұстау үшін Оманға сапарын үзуіне тура келді. 

Сондай-ақ Иран тарабы әуе кемесіндегі қара жәшіктің қалпына келтірілгенін және оның АҚШ-қа компания өкілдеріне берілмейтінін мәлім етті.