Соңғы уақыттары әлеуметтік желілерде «Аралтұз» АҚ өнімінің сапасына қатысты түрлі ақпарат желдей есіп жүргені рас. Осыған орай компания президенті Айдынбек Тауасаров Фейсбуктегі парақшасында мәселеге қатысты пікірін білдіріпті. Ол Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.
«Аралтұз» тұзы құрамында табиғи минералдардан – эпсомиттерден және астраханиттерден тұратын табиғи ерімейтін тұнба бар, олар ағза үшін абсолют бейтарап болып табылады. Өңдеуге келіп түсетін шикізат – экологиялық таза. «Аралтұз» АҚ барлық өнімдерін ЕАЭҚ аумағында аккредиттелген тәуелсіз зертханалар тексереді, осы зертхана тиісінше сәйкестік декларациясын берген. Біз «Аралтұз» АҚ ас тұзының экологиялық таза болып табылатынын және әлемдік стандарттарға сәйкес келетінін сенімділікпен мәлімдей аламыз» - деді А. Тауасаров.
1925 жылдан бастап ас тұзын өндіріп келе жатқан компания өнімі Қазақстанмен қатар ТМД елдерінде сұранысқа ие. Қазір кәсіпорында 1200-ден астам жергілікті тұрғын еңбек етеді.
Айдынбек Тауасаров «Аралтұздың» меншік иелері компания құрылғаннан бері қазақстандық кәсіпкерлер болып келе жатқандығын атап өткен. Қазіргі таңда да кәсіпорынның 100 пайыз акциясы қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі. Кәсіпорын ешқандай қытайлық тарапқа сатылмаған және үлесіне қытайлықтар қосылмаған.
Осыған сәйкес, «Аралтұз» АҚ соңғы уақытта әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми мәлімдейді.
«Аралтұз» АҚ өнімдері ҚР СТ МЕМСТ Р 51574- 2003 «Қайнатылған ас тұзы. Техникалық шарттар» стандартына қатаң сәйкестікте шығарылады. Компания ISO 9001, ISO 22000, HACCP және халал сертификаттарына ие.
Өнімдерді ауысым-ауысыммен шығару кезінде, жоғарыда көрсетілген стандарттың 5.9 т. сәйкес кем дегенде 6 сағатта бір рет сертификатталған зертханада тұздың сапасы тексеріледі. Компания тұздың органикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері сынақтарының нәтижелерін тұрақты түрде тіркеп отырады. Сонымен қатар, «Аралтұз» АҚ барлық өнімдерін ЕАЭҚ аумағында аккредиттелген тәуелсіз зертханалар тексереді, осы зертхана сәйкестік декларациясын берген.
«Аралтұз» АҚ өндіретін ас тұзы экологиялық жағынан таза және әлемдік стандарттарға сәйкес өнім болып табылады.