Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында мемлекет пен қоғам өкілдері түйткілді мәселелерді бірге талқылап, шешімін табу үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрғанын жазды.
«Ұлы ақын «Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды» дегенді бекер айтқан жоқ. Елге билік жүргізетіндерге жұрттың көңілі толмайтынын да аңғартады. «Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ» замандастарымыз көбеймес үшін билік халыққа әрдайым құлақ түріп отырғаны жөн. Мемлекет пен қоғам өкілдері түйткілді мәселелерді бірге талқылап, шешімін табу мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық» делінген мақалада.
Сондай-ақ кеңес формальды сипат алып кетпеуі үшін Мемлекет басшысы кеңес мүшелерімен арнайы кездесіп, жұмысын жіті қадағалап отырғанын жазды.