Аталмыш көрсеткіш 2018 жылғы 11 аймен салыстырғанда 672 млрд теңгеге немесе 15,8 пайызға жоғары.
Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында 2 трлн 867,6 млрд теңгеге (өсім 19,1%), ауыл шаруашылығында – 2, 03 трлн теңгеге(өсім 10,4%) өнім өндірілген.
Еліміздегі өсімдік өнімдерінің өндірісінде дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан (475 млрд теңге), Алматы (472 млрд теңге), Ақмола (348 млрд теңге) және Түркістан (346 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр.Аталмыш өңірлер республика бойынша жалпы көлемдегі өндірістің негізгі өсуін қамтамасыз етті. Өндірілген өнімдердің басым көпшілігін дәнді дақылдар құрайды.
Мал шаруашылығында былтырғыдай Алматы облысы (323 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (281 млрд теңге) және Түркістан (243 млрд теңге) облыс алдыңғы қатарда. Мал мен құс өндірісінде аталмыш облыстар да тұрақты өсім көрсетіп отыр.