Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жанатын материалдарды таситын жүк көлігі мен автобус соқтығысып, салдарынан 20 адам қаза тапты. Бұл туралы жұма күні The Times of India газеті жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.
Автобус Каннаудж қаласынан Джайпур қаласына бара жатқан. Жергілікті полиция инспекторының мәліметінше, өрт сөндірілген. Қазіргі уақытта шұғыл көмек көрсету операциясы жүргізіліп жатыр.
Полицияның дерегі бойынша, соқтығысқан көліктерде 70 адам болған. Құрбандар саны артуы мүмкін. 21 адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.