• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қаңтар, 2020

Алматы облысында 122 дәрігер жетіспейді

326 рет
көрсетілді

Алматы облысының медицина мекемелеріндегі емделушілер үлесінің артуы жекелеген дәрігерлерді артық жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүр етуде. Әсіресе, жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауына келетін науқастар қатары сиремей тұр екен.

Ал мамандар биыл жүктеме біршама азайғанын айтады. Бұған дейін 1 дәрігерге шаққандағы қаралушы науқас үлесі 1878 адамға дейін жетсе, енді бұл көрсеткіш 1717 тұрғынға азайған. Алайда жүктеменің азаюы аймақтағы басы ауырып, балтыры сыздаған адам санының кемуінен емес, денсаулық сақтау мекемелерінің оңтайландыруына қатысты өзгерген екен. Мысалға, облыстағы медициналық қызмет көрсететін аумақтар үлесі 543 учаскелік бөліктен 816 учаскелік бөлікке дейін ұлғайған. Нәтижесінде, жалпы тәжірибе дәрігерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік туды.

Жалпы, қазіргі күні Алматы облысында 122 жалпы тәжірибе дәрігері жетіспейді. Облыстағы кадр тапшылығын шешу үшін дәрігер дайындайтын жоғарғы оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнаған. Қажетті маманды оқыту үшін облыстық бюджеттен 18 млн теңге қаржы қаралыпты. Биыл 47 жас дәрігер Алматы қаласындағы медициналық білім беретін оқу орындарын тәмамдап, жұмысқа келмекші.

 

Алматы облысы