• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Қаңтар, 2020

Италиямен тауар айналымы артып келеді

161 рет
көрсетілді

Ақтөбе өңірінде 900-ге жуық шетелдік компания тір­келген. Облыс эконо­микасының көкжие­гін көтеруге осынша шетелдік ка­пи­талдың қатысуы са­лық­тық базаның ұлғая тү­суіне оң әсерін тигізуде. Соң­ғы кездері шетелдік ин­вес­тициялар тарту көлемі жөнінен Ақтөбе облысы өңір­лер арасында алдыңғы орынға шық­ты.

Ақтөбелік атқарушы органдар Италия мемлекетімен де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мұның басты көрінісі аймақта бес италиялық компанияның қызмет жасап жүргендігі. Берік байланыстың нәтижесі екі жақтағы тауар айналымының өсуіне де алғышарт болады. 2019 жылдың он айының қо­ры­тын­дысы бойынша оның кө­лемі 130 миллион АҚШ долларына жуықтады.

Әрине бұл мүмкіндіктің шегі емес. Сондықтан да Ита­ли­яның Қазақстандағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Пас­куале Д’Авино мен Ақтөбе облы­сының әкімі Оңдасын Оразалиннің кездесуі кезінде екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдету әрі қаржылық-экономикалық тұрғыдан өзге гуманитарлық-мәдени салаларда да сапалық өзгерістер жасау жөнінде ұйғарымдар жасалды.

 

АҚТӨБЕ