Елімізде биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап көлік құралдарын мас күйінде басқаруға байланысты жауапкершіліктің күйшетілгені жөніндегі заң күшіне енді. Осы орайда, Қарағанды қаласында заңның аталған талабын бұзған алғашқы жүргізуші анықталды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарағанды қаласында 11 қаңтар күні тәртіп сақшылары аузынан арақтың иісі шыққан 37 жастағы жүргізушіні ұстаған.
Белгілі болғандай, бұл жүргізуші 2018 жылы көлік басқару құқығынан айырылған екен. Бірақ, соған қарамастан, ол мас күйінде көлік тізгінін қолға алған.
Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, соттың санкциясымен оған қарсы қоғамнан оқшаулау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Енді ол өмір бойы көлік басқару құқығынан және бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.