• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қаңтар, 2020

Ақмолада мүмкіндігі шектеулі жандарға жақсы жағдай туғызылуда

617 рет
көрсетілді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар  әлеуметтік қызметтер порталынан өмір сүруде рөлі аса маңызды 24 техникалық көмекші құралдар түрін өз бетінше сатып ала алады. 

Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтар орталыққа келіп, электронды цифрлық қолтаңбаны алу керек. Мұнда арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары құрылған, мұндай аймақтар облыстық жұмыспен қамту орталықтары жанында да бар. Гүлім Байқошқарова үшінші топтағы мүгедек. Туғаннан есту қабілетінен айрылған жан. Мектепте есту аппаратының көмегімен білім алып,  90-шы жылдары «Фарфор» зауытында жұмыс істеген. Бүгінде екі бала тәрбиелеп, немерелерінің қызығын көріп отыр. Гүлім Байқошқарованың айтуынша, қарапайым адамдар үшін әр күн бір қалыпта басталатын болса, онда басқаша.

Мамандардың айтуынша, тифлотехникалық және басқа да құралдармен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыру өткен жылдармен салыстырғанда, 2019 жылы 141 миллион теңгеге артқан.

–2014 жылдан бастап жыл сайын көру, есту қабілеті нашар адамдарға арналған жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдерін қайта жабдықтау  үшін республикалық трансферт бөлінеді. Сондай-ақ әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарында кедергісіз орта құруға қатысты 1772 жұмыс  жүргізілуде.  Қазіргі уақытта барлық физиологиялық қажеттіліктерді ескере отырып, бейімделудің қосымша шаралар кешені бойынша жұмыс жүріп жатыр,–дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім  жетекшісі Әсем Ілиясова.

Бүгінде Көкшетау қаласында зағип адамдарға арналған бірнеше әлеуметтік маңызды нысандар жабдықталған. Атап айтсақ,  Әуелбеков көшесі мен Назарбаев даңғылы бойындағы екі емхана, қос бірдей театр,  «Достар», «Көкшетау» мәдениет сарайлары мен теміржол вокзалы. Бұл жұмыс «Жол картасы-2023» бағдарламасы аясында жалғасын таппақ. 2014 жылдан бастап облыс бойынша 341 белгі қойылып, 32 жаяу жүргіншілер жолы қайта жабдықталған.  

–Жыл сайын қолға алынып отыратын мүгедектердің «Кедергісіз ортасын қамтамасыз ету» бағдарламасы бар, өңірдің әрбір аудандары мен қатар облыс орталығында  дыбыс бағдаршамдарын орнатуға қаржы бөлінеді.  Жыл сайын кем дегенде  2 бағдаршам іске қосылады, дейді облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы жетекшісінің орынбасары Владимир Кулаков.