• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2020

Қарағанды облысында елік атқан браконьер қолға түсті

169 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының аумағында «Браконьер» шұғыл-сауықтыру шаралары барысында табиғат қорғау полицейлері күдік тудырған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізген  болатын.

Тінту барысында аталған көліктің ішінен жас ет пен мылтық және оның оқтары табылды. Тәртіп сақшыларының болжамы бойынша, ет еліктікі болуы мүмкін. Қолға түскен браконьер – Қарағанды қаласының 63 жастағы тұрғыны өзінің заңсыз аң аулағанын мойындады.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде.