• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Қаңтар, 2020

«Жедел жәрдем» қызметі жетілдіріледі

1135 рет
көрсетілді

«Жедел жәрдем» қызметіне адам жаны қысылғанда жүгінеді. Дер кезінде жасалған көмек арқылы талай пенденің тұз-дәмі таусылмай, ғұмырлар жалғанды. Жуырда алғаш рет елордада жедел қызмет өкілдерін оқытып, оларға жаттықтырушы куәлігін берген бірегей шара өтті.

Адам баласының басына төнер қауіптің саны көп. Со­ның бірі – аяқ астынан болатын жарақат түрлері. Жөңкіліп жат­қан көлік қақтығыстарында, күн­делікті тұрмыста, құрылыста, өн­ді­рісте, әйтеуір әр жерде, түр­лі сипатта, түрлі дәрежеде жа­ра­қаттанып, «Жедел жәрдем» қыз­­меті шақырылады. Міне, сондай сәтте жаныңнан табы­латын дәрігер білігіне көп дү­ние байланыс­ты. Ауруханаға жет­кізілместен бұрын жасалған алғашқы көмектен бастап, жолда, көлік үстінде, одан клиникаға апарған кездегі жәрдемнің дең­гейі қандай? Әрі оны қалай жақ­сартуға болады деген ой же­тегі ТМД көлемінде алғаш рет халықаралық стандартқа жауап беретін PHTLS (Prehospital Trauma Life Support – Жарақат кезінде ауру­ханаға дейінгі жедел жәрдем жат­тық­тырушыларын) даярлау қажет деген мақсатқа алып келеді. Осылайша Ұлт­тық шұғыл медициналық көмек­тің үйлестіру орталығы халық­аралық NAEMT (National Association of Emergency Medikal Technikans – Жа­рақат­тану бойынша жедел жәрдем ма­ман­­дарының ұлттық ассоциациясынан) сер­ти­фикаттандырылған жат­тық­тырушыларды шақыртып, қа­зақстандық алғашқы 10 жат­тықтырушыны оқытты.

Сертификатты табыстау рәсімінде сөйлеген Денсау­лық сақтау вице-ми­нистрі Л.Ақ­таева алғашқы нұсқаушы-жаттық­тырушыларға: «Сіздер алған сертификаттың мерзімі 4 жылға белгі­ленген. Жаттықтырушылық – өзгеше абыройлы міндет. Осы жылдар ішінде алдыңызға келген мамандармен біл­гендеріңізбен бөлісіп, нұсқаушы-жаттық­ты­рушы қызметін атқарып, сіз­дер таратқан тәжірибе арқылы тұ­тас ел көлемінде халықаралық стан­дарт­қа жауап беретін же­дел жәрдем қыз­метінің жұмы­сы жүреді. Сондықтан мойын­дарыңызда жауапты да, абыройлы міндет тұр» деді.

Ұлттық шұғыл медици­на­лық кө­мектің үйлестіру орталы­ғын­­да­ғы Оқы­ту орталығының же­текшісі Ғұ­­мыр­бек Ағыбаевты сөзге тартқа­нымыз­да ол алғашқы 10 нұсқаушы-жаттық­ты­ру­шының арнайы оқытылуының ма­ңызына тоқтала келе: «Жасыратын жай емес, бүгінде еліміз бойынша жол-көлік оқиғаларынан көптеген адам зар­­дап шегіп, талай жас қыршынынан қиылып жатады. Ал оқып шыққан мамандар осындай кезде көмектің қандай жағдайда, қай түрі тиімді екенін пайым­дап, бірінші кезекте не атқарылуы тиіс, ауруханаға жету жолында қандай кәсіби жәрдем көрсетіледі, соның бәрін арнайы оқытып үйрететін сертификатты ма­мандардың алдын көріп, білімдерін жетілдірді. Енді әрқайсысы өз өңірлеріне барып, «Жедел жәрдем» мамандарын жарақаттану кезінде көрсетілетін кө­мектер жүйесі бойынша оқытады, осылайша өз мамандарымыздың тізбегі қалыптасатын болады», деді.