• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қаңтар, 2020

Елорданың 10 мың тұрғыны қоныс тойын тойлады

231 рет
көрсетілді

Былтыр Нұр-Сұлтан қаласының 10 125 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жалпы сомасы 148,9 млрд теңгеге тұрғын үй несиелерін рәсімдеді. 

Былтырғы көрсеткіш бойынша еліміздегі ипотекалық несиелеудің 62% - ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне тиесілі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаевтың айтуынша, 16 жыл ішінде әрбір бесінші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны банк салымшысы ретінде тіркелген. Соңғы бес жылда ТҚЖБ Орталық филиалының кредиттік портфелі 4 есеге артып, 2015 жылы 60,8 млрд теңгеден 2019 жылы 283,9 млрд теңгеге дейін өсті. Жыл сайын берілетін несиелердің көлемі 2015 жылы 33,9 млрд-тан 2019 жылы 148,9 млрд-қа дейін өсіп, бес жыл ішінде төрт есеге артты.

Нұр-Сұлтан қаласында жеңілдетілген ипотекаға сұраныс өсуде. Бұл үдеріс ипотекаға тұрғын үй сатып алғысы келетіндердің артуымен және жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар санының өсуімен байланысты. Бес жыл ішінде кезекте тұрғандар саны екі есеге өсті.

Екі жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша еліміздің бас қаласында 984 отбасы баспанаға ие болды. Тағы 403 салымшы жаңа жыл қарсаңында қоныс тойын тойлады. Биыл тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 10 тұрғын үй (2 нысан) бойынша өтініштер қабылдауды бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік жағынан осал отбасылар бірінші және екінші нарықта тұрғын үй ала алады, деді Ж.Матаев.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаттарын беру жұмыстары жүйелі түрде қолға алынған. Сертификат алушылар арасында әлеуметтік сала қызметкерлері мұғалімдер, дәрігерлер және полицейлер бар. Оларға 1 млн теңгеге қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты беріліп, бастапқы жарна 20%, несие мөлшерлемесі 7%-дық несие беріледі.