• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2020

Қызылорда: 178 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

284 рет
көрсетілді

Қызылордада жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік апаттарының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау мақсатында «Автобус» іс-шарасы өтті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жергілікті полиция қызметі мен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, Nur Otan партиясы облыстық филиалы өкілдері бірлесе жүргізген іc-шараның алғашқы күні 178 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде жолаушы тасымалдау қағидаларын бұзу, көлік құралын заңсыз жабдықтау, рульде ұялы телефонмен сөйлесу, маневр жасау қағидаларын бұзу оқиғалары жиі кездескен. 

Осы заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара колданылды.