Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады.
Түркия Елшісі сенім громатасының көшірмесін тапсырды.
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2019 ж. қаңтар-қараша айларында 2,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 67%-ға өсті (1,5 млрд долл). Экспорт көлемі 2 млрд долл, ал Түркиядан Қазақстанға импорт 0,8 млн долларын құрады.