Жапония Қорғаныс министрлігі Қорғаныс зерттеулер ұлттық институтының делегациясы Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Делегация басшысы – Жапонияның Қорғаныс зерттеулер ұлттық институты аға ғылыми қызметкері Масаюки Масуда университеттің профессор-оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлеріне, магистранттары мен докторанттарына дәріс оқыды.
Дәрістен Дәрістен кейін, университеті бастығының орынбасары контр-адмирал Қ. Есенеев жапон делегациясымен кездесу өткізді, онда тараптар әскери ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және тереңдету мәселелерін талқылады.