• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2020

Қазақстанда 19 мың шетелдік жұмысшы жұмыс істейді

313 рет
көрсетілді

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 145 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың ішінде бірінші санатта (менеджерлер мен олардың орынбасарлары) 770 адам (4%), екінші (бөлім меңгерушілері) – 445 (23%), үшінші (мамандар) – 9 632 (50%) және төртінші (білікті) жұмысшылар) – 1818 (9%), маусымдық жұмыстарға 767 (4%), корпоративті ауыстыруға 1 744 адам (9%) тартылды.

Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер саны 2040 адамды құрайды, оларда 508 755 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96,3%-ын құрайды.

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді – 8623 адам (45%). Тау-кен өнеркәсібінде 2 213 (12%), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 55 (0,3%), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте 1 557 (8%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 397 (7%) шетелдік жұмыс істейді.

Еңбекші мигранттарының негізгі шығу елдері: Қытай – 4 524 адам (24%), Өзбекстан – 781 (4%), Түркия – 1 964 (10%), Үндістан – 1 893 (10%), Ұлыбритания – 1 368 (7%) болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2019 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты 0,54% немесе 48,7 мың бірлік мөлшерінде бекітілді. 2020 жылға – 29,3 мың бірлік немесе 0,32%.