• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2020

Елорда әкімі мешіттің құрылыс барысымен танысты

271 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы сәйкес жүргізіліп жатыр. Мешіт түрік компаниясының демеушілігімен салынып, 30 мың адамға есептелген. Мешіт мұнаралары 130 метр, ал басты күмбездің биіктігі 88,2 метрден асады.

Қала әкімдігі мешітке инженерлік желілер мен коммуникацияларды жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.