• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қаңтар, 2020

Елорданың «Бүкір көпірі» тексеріледі

430 рет
көрсетілді

   

Қала әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр даңғылы бойында Ш. Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі. Бұл учаскеде жолақтар саны барлық бағытта төртеуден екеуге азаяды. Маршруттық автобустарды қоспағанда, көпір бөлігінен Ш. Уәлиханов көшесіне сол бұрылысқа уақытша тыйым салынады. Шектен тыс жүктемені азайту мақсатында жақын маңдағы қиылыстарда басқа да жұмыстар жүргізілетін болады. 

Елорда әкімі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №2 жол өтпесін («Бүкір көпірі») тексеруді тапсырды.