• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Қаңтар, 2020

Аэротүсірілім жұмыстары бір құжатпен реттелетін болады

542 рет
көрсетілді

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл жаңалықты Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасын бекіту және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтарының және құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,  инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрығының әзірленген жобасына енгізу ұсынылуда.

Егер бұрын азамат жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін өзіне қажетті ақпаратты мемлекеттік қызметті реттейтін стандарт және регламент, сондай-ақ ілеспе нормативті құқықтық құжаттардан білсе, қазір барлық қажетті ақпарат(мемлекеттік қызмет мерзімі, өтініш нысаны мен шығатын құжат, қажетті құжаттар тізімі, қай мемлекеттік орган аталған мемлекеттік қызметті атқарады дағы да басқа ақпараттар) бір құжатта көрсетілетін болады» делінген хабарламада.