«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта еліміздегі автожолдардың 9 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған. Атап айтқанда, Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, Семей – Қайнар, Алматы – Өскемен, Омбы – Майқапшағай жолдарының жекелеген бөліктері жабық тұр. Жолдағы жағдай туралы ақпаратты «ҚазАвтоЖол» сайтынан немесе 1403 нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар. Төтенше қызмет мамандары тұрғындарға сақтық шараларын ескеріп, алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Қазақстан
•
19 Қаңтар, 2020
Еліміздің бірқатар аймағында жолдар жабылды
178 рет
көрсетілді