• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2020

Жемқорлықтың алдын алуға жамбылдықтар да үлес қосуда

312 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Президент сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ», деген еді. Осы мақсатта Жамбыл облысында өткен жылдың желтоқсан айында ағартушылық штаб құрылып, кездесулер де ұйымдастырылды. Аталған штаб бүгінгі таңда өз жұмысын жалғастыруда.

Штаб басшысы Қасымхан Төлендиев бұл жемқорлықпен күресудің тиімді тәсілдерінің бірі екенін айтады. Жалпы, штабтың мақсаты да адамдардың моральдық-этикалық түсінігіне ықпал етіп, адал әрі ашық қоғам қалыптастыру. Ең бастысы – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.  

Бүгін Тараз қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Аталған кездесуге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев қатысып, адалдық, парасаттылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды.

«Көптеген адамдар өзінің құқығын білмеудің кесірінен, сол заңды бұзуға дейін барып жатады. Параны алған адам да, берген адам да тең дәрежеде жауап беретіндігін білесіздер. Осыны біз халыққа жеткізуіміз керек. Сондықтан арнайы штаб құрылды. Төрағаның тапсырмасымен тек облыс орталығы ғана емес, шалғай жатқан елдімекендер де түгел қамтылатын болады», деді Равиль Төлебаев.

 

Жамбыл облысы