Кәсіпқой бокстағы ең атақты төрт ұйымның көшін бастап тұрған Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) кеше боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстандық боксшылар арасында ең үздік көрсеткіш орта салмақтағы WBC Continental Americas белдігіне ие Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Ол жаңарған рейтингте үш саты жоғарылап, 10-орынға тұрақтады. Кейінгі орындарға бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental Americas чемпионы Батыр Жүкембаев – 12, жеңіл салмақтағы WBC International титулының иегері Виктор Коточигов – 13, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпионы Әли Ахмедов – 14, орта салмақтағы USNBC чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов – 20 және WBC Asia белдігінің иегері Айдос Ербосынұлы – 24 орынға көтерілді. Сондай-ақ орта салмақтағы Қанат Ислам да 24-орынға тұрақтаған.