• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қаңтар, 2020

Нұр-Сұлтанда азық-түлік белдеуінен жеткізілімдер үлесі 31%-ды құрайды

233 рет
көрсетілді

Елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ақпаратына сәйкес, қала негізгі азық-түлік өнімдерімен 53% қамтамасыз етілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бас қаланың азық-түлік өнімдеріне деген қажеттілігінің 47%-ы Қазақстанның басқа өңірлерінен, көбіне жақын және алыс шетелдерден әкеліну есебінен қанағаттандырылады. Пайыздық қатынаста алсақ, азық-түліктің 22% – меншікті өндіріс есебінен, 31% – азық-түлік белдеруінен жеткізілімдерден, 47% – республиканың басқа өңірлерінен және импорт бойынша қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта қала аумағында ұн, нан, шұжық өнімдері, ірімшік пен макарон өнімдердің өндірісі бойынша 56 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Мамандардың есептеуінше, ағымдағы жылы ең төменгі нормалар бойынша елорданың нанға деген қажеттілігі 80 055 тоннаны, картоп – 107 540 тоннаны, ет – 33 000 тоннадан астам, сүт – 95 654 тоннаны, жұмыртқа – 160 744 тоннаны құрайды.