• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қаңтар, 2020

Елордада I ауысымдағы оқушылар мен 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайды

150 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы хабарлады.

«Бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарда және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды» делінген елорда білім басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ қатты желдің болуына байланысты Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары үшін де сабақ тоқтатылды.