• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Абай 23 Қаңтар, 2020

«Абайды оқы, таңырқа»: Үржарда оқырмандар форумы өтті

213 рет
көрсетілді

Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде өз жалғасын тауып жатыр.

22 қаңтар күні Үржар ауданында ауқымды іс-шаралар жоспары жасалып, барлық мәдени ошақтары мен білім беру мекемелерінде мерекелік шаралар өткізілді.

Аудандық Мәдениет үйінде Абайдың 175 жылдығына орай салтанатты шара, әдеби-сазды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйлеп, Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Адамзаттың Абайы» атты тақырыпта зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Танымдық шара барысында Абай өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталды.

Аудандық орталық кітапханада «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында оқырмандар форумы өткізіліп, «Абай әлемі» арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы