Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-маслихатында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова және Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Спикерлер ел азаматтарын ерекше қажеттілік болмаса, ҚХР-ға сапарға шығудан бас тартуға шақырды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес Қытай Халық Республикасында 2020 жылдың 22 қаңтарында коронавирустық инфекцияның жаңа типімен сырқаттанудың 571 жағдайы тіркелген, олардың ішінде 17 адам қайтыс болған.
Алдын ала эпидемиологиялық тергеп-тексеруге сәйкес ауырған адамдардың көбі Ухань қаласында орналасқан Хуанань теңіз өнімдерінің көтерме сауда базарында өңдеушілер болып жұмыс істеген және оған жиі барып тұрған. Қытай билігі қарқынды қадағалау және кейінгі шаралар бойынша, сондай-ақ одан арғы эпидемиологиялық тергеп-тексеру бойынша өз жұмысын жалғастыруда.
Бұдан басқа ДДҰ ақпаратына сәйкес коронавирустың жаңа түрімен сырқаттану жағдайлары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Тайваньда және АҚШ-та тіркелген. Барлық ауырған адамдар Ухань қаласына барған. Елімізде бұл аурумен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.
Коронавирустық инфекцияның белгілер:
Қарапайым суық тиюден бастап таяу шығыс респираторлық синдромы және ауыр жіті респираторлық синдром сияқты ауыр ауруларды тудыратын вирустардың үлкен тобы. Жаңа коронавирус – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа штамп.
Аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары: кейбір жағдайларда тыныс алу қиындайтын қызба, кеуде қуысының рентгенограммасында екі өкпеде де инвазивті өкпе инфильтраттары анықталған.
Ауыр жағдайларда инфекция пневмония, ауыр жіті респираторлық синдром, бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы және өлімге әкелуі мүмкін.
Қазақстанда қабылданған шаралар:
ҚХР-да эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасына аурудың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Комитет санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдауда.
«Қазақстан Республикасының аумағына этиологиясы белгісіз пневмонияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы (ағымдағы жылғы 06 қаңтардағы № 1) бекітілді және өңірлерге жіберілді; Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – МКК) автомобиль өткізу жолдарында Қазақстан Республикасының аумағына этиологиясы белгісіз пневмонияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту қажеттілігі туралы хат жіберілді (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің бір бөлігінің МКК-нің қарамағында болуын ескере отырып); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ҚХР Елшілігіне Хубэй провинциясының Ухань қаласындағы этиологиясы белгісіз пневмониямен сырқаттанушылықтың эпиджағдайы туралы ресми ақпарат беру жөнінде сұрау жіберу туралы хат жіберілді; шетелге шығатын қазақстандық азаматтарды (туристер, студенттер, мигранттар және т. б.) ақпараттандыру мақсатында Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт министрліктеріне ұсынымдар жіберілді; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде, әсіресе Қытай Халық Республикасынан келетін барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалары) міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізіледі; көліктегі ТКҚСҚБ департаменті әуежай, шекара және кеден қызметінің қызметкерлерімен, бортсеріктермен, ұшу құрамымен, жолаушылар поездарының жолсеріктерімен профилактикалық жұмыс жүргізуде: семинарлар (43), нұсқаулар (304), әңгімелер (1144) өткізілді. Қазақстан әуежайларында ҚХР-ға шығатын адамдарға таратылатын жаднама бекітілді; Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Нұр-Сұлтан және Алматы қаларының әуежайларында коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізу жоспарланды.Бүгінгі күні мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде 14 713 адам қаралды, ҚХР-дан келген адамдар арасында дене қызуы жоғары және ауру белгілері бар адамдар анықталған жоқ.
Ұсынымдар:
Өте қажет болмаса, ҚХР-ға сапарға шығудан бас тарту; ҚХР-ға сапар кезінде Ухань қаласына және Хубэй провинциясына барудан бас тартуды ұсынады; ҚХР-да болған кезде немесе сол жақтан келген кезде респираторлық ауру симптомдары пайда болған жағдайда, сапар кезінде немесе одан кейін саяхатшыларға медициналық көмекке жүгіну немесе өзінің емдеуші дәрігеріне инфекцияның таралу аймағына барғаны туралы хабарлау ұсынылады; Жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыс жасамау; Қолды жиі жуу, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың айналасымен тікелей байланысқаннан кейін жуу; Ауру үй жануарларымен және жабайы жануарлармен тығыз байланыста болмау; Жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтел этикетін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет қолданылатын сулықтармен немесе орамалмен ауызды жабыңыз).