• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қаңтар, 2020

Елбасы Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

180 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Ж.Әубәкірова Нұрсұлтан Назарбаевқа қазіргі қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

– Сіз өнерде толағай табысқа қол жеткізген елімізге танымал тұлғасыз. Әйелдер арасында Бейбітшілік және прогресс сыйлығын алған бірден-бір адамсыз. Біздің мәдениетімізді әлем елдеріне насихаттадыңыз. Біліміңіз және тәжірибеңізбен өскелең ұрпақпен бөлісуді жалғастыра беріңіз, деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.