• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Видео 24 Қаңтар, 2020

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды (видео)

415 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

23 қаңтар күні сағат 21:00-ден бастап, 24 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде екпіні 23 метр болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Ақмола облысында мол көлемде қартүседі.Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде 23 м/с болады, күндіз бірқатар аумақтарда желдің ұйытқуы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Көкшетау қаласында 24 қаңтар күні қар жауады,бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

24 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23-28 метрге жетеді.

Шымкент қаласында 24 қаңтарда оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

24-25 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 24 күндіз, 25 қаңтарда түнде жел 23-28 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Болжамның дәлдігі 95-100%. 24 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде мол көлемде қар жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.