• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қаңтар, 2020

Түркиядағы жер сілкінісінен 20 адам көз жұмды

306 рет
көрсетілді

Түркияның шығысындағы Элязыг және Малатья провинцияларында болған зілзала салдарынан көз жұмғандар саны 20 адамға жетті. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Түркияның шығысында болған табиғат апатынан 20 адам көз жұмып, 1015 адам жарақат алған.

Еске сала кетейік, жер сілкінісінің ошағы Сивридже қаласы маңындағы Элязыг провинциясында тіркелген. Зілзаланың алғашқы магнитудасы 6,8 балдық болса, кейінірек 5,4-тен 3,5-ке дейінгі балдық жер сілкінісі болған.

Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, төтенше оқиға орнына құтқарушы топ жедел жіберілген.

Жер сілкінісі Түркиядан бөлек Сирияның солтүстігінде, Ливан мен Иракта байқалған.