• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Қаңтар, 2020

Әйгілі баскетболшы Коби Брайант қаза тапты (видео)

970 рет
көрсетілді

Американың  TMZ басылымы ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) аты аңызға айналған ойыншысы Коби Брайанттың авиаапаттан қаза тапқанын хабарлады.

Апатқа ұшыраған тікұшақ ішінде белгілі баскетболшымен бірге  оның 13 жастағы қызы Джианна Мария және үш жолаушы болған. Құтқарушылар мәлімдегендей, тікұшақ апатынан ешкім аман қалмаған.

Қырық бір жастағы Коби Брайанттың артында зайыбы Ванесса және Наталья, Бьянка,  Капри есімді үш қызы қалды.

Әйгілі баскетболшы өзінің спорттық мансабында 1996 жылдан 2016 жылға дейін «Лос-Анджелес Лейкерс» командасының сапында өнер көрсетті. Ол олимпиаданың екі мәрте чемпионы. NBA тұрақты чемпионатының бес дүркін жеңімпазы және MVP финалдық сериясында екі рет ойнаған. Сондай-ақ Коби Брайант NBA  барлық жұлдыздарының матчына (NВА All-Star Game) 18 рет қатысқан.