Грэмми-2020 салтанатты кеші кеше тікұшақ апатында қайтыс болған баскетболшы Коби Брайантты еске алумен басталды.
Америкалық дыбыс жазу академиясы табыстайтын белгілі музыкалық премия Коби Брайант LA Lakers тобының сапында ойнаған Staples орталығында өтті. Кеш қонақтары бүгін Кобидің үйіндеміз десті.
Шараны ашқан алғашқы орындаушы әнін «Бүгінгі кеш сен үшін, Коби» деген сөздермен бастады.
Шара қатысушылары қайғылы хабар Грэмми кешінде отырғандарға әсер етпей қоймағанын жеткізіп, әлем нағыз батырынан айырылғанын атап өтті.
Тікұшақ апатында белгілі баскетболшымен бірге 13 жастағы қызы Джианна Мария мен үш жолаушы қайтыс болды.
Әлем жұрты баскетболшының қазасына қайғырып, әлеуметтік желілерде ол туралы естеліктерімен бөлісіп жатыр.